04130200 - Логистика (салалары бойынша)
Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару – бұл көлік қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете отырып, темір жолдардың тасымалдау процесін, жүк және коммерциялық жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ететін кәсіби қызметтің құралдары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтитын көлік саласы.
•
Біліктілігі: 3W04130201 - Операциялық логист
Тасымалдауды ұйымдастырушы техниктің кәсіби қызметінің объектілері:
* магистральдық және өнеркәсіптік теміржол көлігі бөлімшелерінде қозғалысты ұйымдастыру және басқару процесі
* жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру процесі
• Тасымалдауды ұйымдастырушы техниктің кәсіби қызметінің түрлері:
• * тасымалдау процесінде техникалық құралдарды, озық технологияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
• * стандартты емес жағдайларда қозғалысты басқару бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау
• * поездардың қозғалыс кестесін, қозғалыс қауіпсіздігін, жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету
• * қауіпсіздік техникасының орындалуын қамтамасыз ету
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
* 9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай
* 11 сынып негізінде - 2 жыл 10 ай
Бөлімшеде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шаралары
* Студенттерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар
* Алматы-1, Алматы -2 станцияларында, кірме жолдар мен бөлімшелерге экскурсия жүргізу
* Студенттердің колледж ішіндегі, сондай-ақ басқа да орта оқу орындарындағы түрлі ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысуы